14 Қаңтар, 2016

Әлеуметтік желілердегі сарапшылар не дейді?

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ел айналасындағы халықаралық жағдай қиындай береді. Жаһандық басты ойыншылар арасындағы қайшылықтар өсе түсуде. Жобаны жүзеге асыру кешеуілдеген сайын, оны атқаруға кедергі жасайтын сыртқы күштердің ықпалы күшейе түсу қаупі де артады. Мысалы, кең ауқымдағы «түрлі-түсті сценарийлердің» жүзеге асуына бір жылдай уақыт кетеді. Сондықтан да қазір осындай жат пиғылдарға уақыт бермей, әбжіл қимыл таныту маңызды. Қазақстан халқына қазіргі уақытта Парламент уәкілеттілігінің заңдылығын бекітіп, дағдарысқа қарсы шаралар мен институттық реформаларды іске асыруда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару қажет. * * * Сырттағы қолайсыз жағдайлардың қысымы Қазақстанға әсері тиетіндей қазіргі уақытта 2016 жылғы депутаттық мандаттың мерзімі аяқталуын күткеннен гөрі, дағдарысқа қарсы тұру шараларын атқарып және жаңа реформаларды жүзеге асырып, мемлекетті одан әрі нығайта түсу үшін сайлауды кешеуілдетпей өткізіп, халықтың назарын Ұлт Жоспарын орындауға жұмылдырудың пайдасы зор болмақ. * * * Сайлауды қазір өткізудің қажеттігі мынада: әлемдік экономикалық дағдарыстың жаңа бір толқыны тумай жатып электоралды циклдан өтіп алу керек. Дағдарыстың қандай екпіні болатыны, оның қандай ауқымды қамтитыны белгісіз, ол Қазақстан экономикасын шарпып өтуі де ғажап емес. * * * Мерзімінен бұрын сайлау өткізу қазақстандық қоғамның кең ауқымда пәтуалы тірлігін кешуі, бірлігі мен үндескен қимылы арқасында алдарына қойған мақсаттарға жетуі, Президент айтқан реформаларды өмірге мейлінше дендеп енгізу үшін қажет. * * * Мерзімінен бұрын сайлау өткізу Президент реформаларының Парламентін сайлау үшін қажет, ол Ұлт Жоспарының сауатты жүргізіліп, дағдарысқа қарсы саясаттың дұрыс өтуіне жағдай тудырады. * * * Мерзімінен бұрын сайлау өткізу партияішілік бірлікті нығайтып, елдегі тұрақтылықты күшейте түседі. Біздің Дағдарысқа қарсы Ұлттық стратегиямыз бар, сондықтан бүгін біз бос даңғаза, құрғақ пікірталастан гөрі нақты жұмыстармен айналысуға тиіспіз.