14 Қаңтар, 2016

Мемлекет мүддесі

627 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Абай Тасболатовқазақстандық арманға бастайтын жол екенін өмірдің өзі дәлелдеді Елбасы Н.Ә.Назарбаевты ұлық­тау рәсімінде 5 институттық реформа негізінде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары жарияланды. Осы жарияланған Ұлт Жоспарын кеңінен халыққа түсіндіру мақ­са­тында 2016 жылдың 6 қаңтарында «Егемен Қазақстан» газетінде Нұрсұлтан Әбішұлы Ұлт Жос­парын жүзеге асыру мен оны табысты орындау үшін қолайлы ха­лықаралық климаттың қажет екенін қадап айтты. Ол үшін еліміз әлемнің алпауыт мемлекеттерімен бірлікте, ынтымақта, достықта, татулықта болу керектігін тілге тиек етті. Атап айтқанда, алдағы жыл­­­­­­дарда өзге елдермен қа­рым-қатынастар одан әрі жал­ғастырылып, халықаралық ұйым­­­дарда белсенді жұмыстар атқарылатын болады. Сонымен қатар, Орталық Азияның белгілі көшбасшысы ретінде Қазақстан өңірдің экономикалық дамуының қауіпсіздігін қолдауға, жан-жақты сақтауға барынша күш салмақшы. Бір сөзбен айтқанда, «100 нақты қадам» бүкіл әлемдегі бүгінгі құбылып тұрған тұрақсыздық жағ­дайында елдің, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі елдік құжат болып табылад­ы. Мақалада қазақстандық арман, кадрдың кәсіби деңгейін көтеру, заң саласындағы реформалар, еңбекті бағалау, халықпен бірлесіп жұмыс істейтін және оған есеп беретін ашық мемлекет құру, бәсекелестікті дамыту, сыртқы инвестиция, инновациялық-индустриялық бағыт туралы тұжырымдамалар, жалпы, алдағы жылдары атқарылатын жұмыстар хақында нақпа-нақ баяндалған. Бұл қазақстандықтарға үміт отын жағып, қазіргідей күрделі эконо­микалық жағдайда олардың ер­теңгі күнге деген сенімдерін арттыра түсті. Бұл өзгерістер өздігінен іске аса қалған жоқ. Олар еліміздің Тұң­ғыш Президенті, Елбасы ретінде танылған тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барынша батыл және де қажетінше ұстамды саясатының нәтижесінде жүзеге асуда. Халық оған өз тағ­­­дырын, өз болашағы мен ұрпақтар болашағын сеніп тапсырды. Дағдарыстан шығудың амалын ойластырған мемлекеттер шығындарын қысқартып, бюджетті барынша икемдей түсуге мәжбүр болды. Біз енді қиын кезеңнен елді аман-есен алып шығудың бар амалын қарастырып, тиімді шешімдер қабылдаудамыз. Нұрсұлтан Әбішұлы елдің дамуы мен өсіп-өркендеуіне теңдессіз күш жұмсады. Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылға жуық уақыт ішінде Елбасының басқаруымен Қазақстан саясат пен экономикада ауқымды жетістіктерге же­тіп, әлемнің ірі державалары пі­кіріне құлақ асып, ұсынысын мақұлдайтын беделді мемлекетке айналды. Осы жылдар ішінде біздің Президент қоғамдық келісім мен бірлік ұстанымын жас тәуелсіз мемлекеттің саясатындағы бас­ты құндылық ретінде санамызға сіңірді. Қазақ елі мемлекеттілігін құру мен оның негіздерін жетілдіру ісінде үлкен ерліктің үлгісін көрсете білді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын айқындады. 130-дан астам ұлттан тұратын халық үшін шын мәнінде Көшбасшы бола білген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Елбасы атанса, халықаралық аренада тұлға ретінде кеңінен танылды. Өткен жылдар ішінде Парламент пен Үкімет үйлесімді жұмыс жасап, өте қысқа мерзімде елге қажетті біршама сапалы заңнамаларды қабылдады. Қазақстандағы қорғаныс ісінің дамуына Елбасының сіңірген еңбегі зор. Бүгінде елдің барлық бағытта ілгеріленуіне күш салынып, жұмыстар жүргізіліп келеді. Оның ішінде, тәуелсіз елдің мықты әскері болуын бас­ты назарда ұстап отыр. Жоғарғы Бас қолбасшымыз елді қорғауға қабілетті отандық Қарулы Күштер құрылғаннан бергі қысқа уақыт ішінде оларды реформалауға қатысты өзінің көптеген бастамаларын жүзеге асыра алды. Бүгінгі күні республиканың Қарулы Күштері жақсы жарақталған және сапалы дайындалған. Президент еліміздің әскери әлеуетін одан әрі жетілдіру мәселесін ұдайы бақы­лауда ұстайды. Сонымен қоса, құқықтық тәртіпті сақтау және ұлттық қауіпсіздікті қамта­масыз ету органдарының жұмысы қалыптастырылды. Әлемдік деңгейде әлі ауыз­дықтала қоймаған жаһандық дағ­дарыстың сипатына қарамастан, еліміздің әскери құрылымын одан әрі жетілдіріп, маңызды шараларды тұрақты өткізіп келеміз. Ұлт Жоспарында ғылымды қажет ететін инновациялық ин­дустрияландырға бағытталған экономиканы қалыптастыру бойын­ша жұмыстарды жалғас­тырудамыз. Инновациялық-зият­керлік кластерді құрудағы негізгі мақсат трансферт және технологияларды коммерциялау, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін нарық­қа шығару болып табылады. Атап айтқанда, «Әскери ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысын атап өткім келеді. Бүгінгі таңда республикалық қоғамдық бір­лестік 4 бөлімшеден және 7 фи­лиалдан тұратын құрылым ретінде 60 әскери ғалымды тарта отырып, әскери іс және мемлекет қауіпсіздігі салаларындағы зерттеулермен айналысатын 20 ғылым докторы және 40 ғылым кандидатымен бірлесіп жұмыс жүргізуде. «Әскери ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің белді ғалымдары Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2015-2017 жылдарға арналған «Кешенді ғылыми-техникалық шешімді әзірлеу, роботты техникалық жүйелердің тәжірибелік үлгі­лерінің теориялық және экс­перименттік зерттеулері» жөнін­дегі ғылыми жұмыстарға қатысып, біршама жобаларды жеңіп алды. Атап айтқанда, Білім және ғылым министрлігінің мына тө­мендегі ғылыми жобалары бойынша жалпы саны 886,0 млн.теңге қаржы құрайтын: – әскери жұмылдыру, адам ресурстарына; – әскери символика негізінде қазақстандық патриотизмді қа­лыптастыруға; – «Кешенді ғылыми-тех­ни­калық шешімді әзірлеу, роботты техникалық жүйелердің тә­жірибелік үлгілерін теориялық және эксперименттік зерттеу» тақырыптарына қатысты кон­курсқа қатысып, осы бағыттар бойынша әскери ғалымдардың жұмысы өндіріске пайдаланылуда. Бұл әскери және азаматтық салада пайдалануға арналған роботты техникалық жүйе өндірісінің негізін құрудағы алғашқы қадам болып табылады. Ғылыми жоба­лардың басты міндеттеріне тоқ­­тал­сақ: кешенді ғылыми-техникалық шешім қабылдау үшін негізгі конструктивтік жүйеге теориялық зерттеу жасалып, тәжірибелі компоненттер және роботты техникалық модельдер мен әскери және азаматтық салада қолданылатын зерттеулер өмірлік тәжірибеден өтті. Оларды алдағы жылдары Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қарулы Күштерінің құрылымдарында қолдану туралы ғалымдардың пікірлері алға қойылуда. Сонымен қоса, Елбасымыздың ел тұрғындарының әлеуметтік ахуалы жақсаруына қатысты айтқан ақпараттары мені қатты қуантты. Мемлекет басшысы екі қолға жұмыс таба алмай жүргендерге басты назар аударуды ұсынды. Әсіресе, мүгедектер, жәрдемақыға өмір сүріп келе жатқан және өзге де жандарға жұмыс беру қажеттігіне тоқталды. Жалпы, еңбекақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың 30 пайызға өсуі мен жаңа Еңбек кодексінің қабылдануы, оның халықаралық стандарттарға негізделетіні кейбір осы күнге дейін шешімін таппай келген мәселелерге нүкте қоймақшы. Ұлт Жоспарында көтерілген халықпен бірлесіп жұмыс істейтін және оған есеп беретін ашық мемлекет құру жөніндегі бесінші реформадағы тапсырмалар аясында «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы құрылатын болды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік ор­гандардың азаматтарға көр­сететін қызметтерінің ашық­тығына, шешім қабылдауда бюрократтық кедергілердің алдын алуға жәрдемдеседі. Мемлекеттік корпорацияның қызметін үкіметтік емес ұйымдар құратын арнаулы қоғамдық кеңестер бақылайтын болады. Осы шаралардың бәрін орындау мемлекеттік органдардың шешім қабылдауын арттырып, жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамытады. Ұлт Жоспары қазақстандық арманға бастайтын жол еке­нін өмірдің өзі дәлелдеді. Елба­сымыздың жүрегінен ақтарыла айтқан тұшымды ойлары барша азаматтың бойында отаншылдық сезімін ұялатары анық. Осындайда көкірегіңді қуаныш кернеп, Ел­басының төңірегіне ұйыса түсу қажеттілігін тағы бір ұғына түс­кендей боласың. Абай ТАСБОЛАТОВ, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары.