14 Қаңтар, 2016

Өз көлігі ішінде қатып өлген

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ТаксиКүтпеген жерден болатын қапыл өлімнің түрі көп. Ал мына жағдай, тіпті, үш ұйықтаса да, адамның түсіне кір­мейтіндей оқыс оқиға. Әйтпесе, 12 миллионнан астам халқы бар Мәскеу сияқты үлкен қаланың дәл ортасында такси жүргізуші өзі көлігінің ішінде суықтан қатып өледі деп кім ойлаған! Және оны екі күн бойы ешкімнің байқамағанына қалай таңғалмассың! Құқық қорғау органдары Кремльді қаланың Күзгі бульвар көшесі бойындағы 12-үй маңында қаңтарылып тұрған көліктің ішінде сіресіп қалған бейбақты 5 қаңтар күні сағат 22:00 кезінде тауып алыпты. Тексере келгенде, ол Мәскеудің 1978 жылы туған тұрғыны болып шықты. Марқұм қаладағы такси фир­маларының бірінде жұмыс істеген екен. Сол күні, шамасы, шаршағаннан болуы керек, көлігінің артқы орындығына көз шырымын алып жатпақшы болады да, қайтып тұра алмай қалады. Алдын ала болжам бойынша, марқұм денесі қатты мұздағаннан жантәсілім еткен. Қалған деректерді енді сот-медициналық сараптама анықтайды.  Мұрат АЙТҚОЖА.