14 Қаңтар, 2016

153

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-Жаңа жыл сурет 01Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде осынша адам қаза тапты Бүгінде Жаңа жыл мерекесінен кейін тиісті орындардың болған қылмыстар мен төтенше жағ­дайлар туралы есеп беруі дәстүрге айналып кеткені ащы да болса шындық. Осыған қатысты қанша ескерту жасалғанымен, халықтың салғырттық салдарынан өкінішті жағдайға ұрынуы толастар емес. Осы аптада Ресейдің Төтенше жағдайлар министр­лігі Жаңа жыл және Рождество мере­келерін тойлау кезінде 153 адамның қаза тапқанын және 300-ге жуығының әртүрлі жарақат алғанын мәлімдеді. Ведомствоның хабар­ла­ма­сын­да «Мереке күндері Ресей Фе­дерациясының аумағында үш ірі төтенше жағдай және 177 апат тіркелді. Соның салдарынан 270 адам зардап шегіп, 115-і құтқарылды. Ал 153 адам салғырттықтың құрбанына айналды», – делінген. Сонымен қатар, мереке кезінде Ресей бойынша төтенше жағдайлар қызметіне 100 мыңнан астам адам көмек сұрап хабарласса, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарында 32 апат тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 52 пайызға артық. Мамандар мұның басты себебі, ішімдік пен пиротехникалардың дұрыс қолданылмауы екенін айтып отыр. Себебі, Жаңа жыл кезіндегі өрттің шығуына негізінен отшашулар себеп болса, көшеде қалып үсіп өлгендердің дені арақ ішіп алғандар екені анықталған. Ернар МҰХАМБЕТ.