14 Қаңтар, 2016

Бес адам ажал құшты

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
газАлматы облысының, Қа­ра­­­­­сай ауданына қарасты Тұрар ауылында Өзбекстан Республикасының 10 адамы улы газға тұншықты. Бұл аталған ауылдағы бол­ған оқи­ға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жет­кенше 3 ересек және 2 бала уланып қайтыс болса, өзге 5 адам халі мүшкіл күйінде Қаскелең қаласындағы ауру­ханаға жеткізілген. Енді мұндай сорақылық неліктен орын алып отыр деген сұрақ кімнің болмасын көкейінен кетер емес. Әрине, Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті қыз­меткерлері тарапынан оқыс оқиғалардың алдын алу шаралары жүргізілгенімен, бүгінде Жетісу жерінде улы газдан улану жалғасуда. Еске сала кетсек, былтыр 300000-нан астам тұрғын үйге үш кезеңнен тұратын айлық тексерулер жүр­гізілгенімен, өкінішті оқи­ғалар қайталануда. Сонда байқасаңыз, тексерістен түк нәтиже шықпай тұр. Тексеріс қағаз жүзінде ғана. Өйткені, адам өліп жатыр. Ал бұған ешкім жауап бермейді.  Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.