12 Қаңтар, 2016

Әскери қызметшілер баланың көру қабілетіне көмектесті (фото)

508 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 12 қаңтар. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері еркін түрде материалдық қаражат жинау арқылы қайырымдылық танытып, екі жасар бүлдіршін Вероника Григорьеваны емдеуге үлес қосты.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақша жинау ҚР ҚК әскери қызметшілерінің қайырымдылық жүгіруінде ұйымдастырылды. Ол «Әскери әулет» байқауы шеңберінде өткізіліп, 700-ден аса адамның басын тоғыстырды. Әскери қызметшілер бұл марафонға бүкіл отбасыларымен қатысты. Осылайша, өскелең ұрпаққа, өз балаларына мұқтаж адамдарға қайырымдылық таныту, жәрдем беру мен қолдау көрсетудің маңыздылығын көрсетті. Жиналған қаражат Аружан Саинның «ДОМ» қоғамдық қорына берілді. «Бұл балаларға қолұшын созудағы біздің титтей ғана үлесіміз. Ем-дом қабылдау аса маңызды болып келетін сырқатқа шалдыққан бүлдіршінге сәл де болса көмек көрсеткен жағдайда бей-жай қалмау қаншалықты маңызды екенін түсінесің», дейді әскерилер. Қолдау мен көңіл бөлуге зәру адамдарға қайырымдылық көрсету, қамқорлыққа алу бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мұның барлығы ажырамас бөлікке айналуда. Отан қорғауды өздерінің қасиетті борышы деп санап, әскери қызметшілер қайырымдылық жұмысқа, мүмкіндігі шектеулі, ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларға, егде жастағы қарияларға көмек көрсету және қолдау білдіруге барынша назар аударуға тырысып бағуда. Григорьева жетілмеген балалардың ретинопатиясына шалдыққан. Бұл көз ауруы көз қабыршығы дамуының бұзылуы салдарынан пайда болады және толық көру қабілетінен айыруға әкеп соқтыруы мүмкін.  Бүлдіршін көзге жасалатын төрт отаны бастан кешірді. Бұл ота оң нәтижелерін берді. Енді мамыр айында оны соңғы операция күтіп тұр. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? 12.01.2016 AST-6 ????????????????????????????????????