11 Қаңтар, 2016

Петропавлда екі полицей парамен ұсталды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
?????????????????????????????????????????????????????????? ПЕТРОПАВЛ. 11 қаңтар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюроның қызметкерлері ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесе отырып жүргізген жедел шара барысында екі полиция сақшысын парамен тұтқындады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық полиция бөлімінің екі уәкілі, атап айтқанда, полиция капитандары Ж. Сахатов пен Е. Шәйінов  жеке тұлғаға қатысты қылмысты істі тоқтату үшін 100 мың теңге мөлшерінде  алым талап еткен. Алайда арам ойлы сұғанақтардың пиғылы жүзеге аспады. Жеңіл көлік ішінде параны шытырлатып санап алып жатқан жерінен қолдарына кісен салынды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz