11 Қаңтар, 2016

Көкшетауда бағана екі көлікті басып қалды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11.01.2016 AQM КӨКШЕТАУ. 11 қаңтар. Көкшетау көшелерінде тағы бір тосын оқиға орын алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қаланың қақ ортасындағы Әуелбеков және Ғабдуллин көшелерінің қиылысар тұсында екпіндетіп келген «Шевролет авео» жеңіл көлігі электр бағанасына соғылды. Облыстық МАИ қызметкерлерінің хабарлауынша, «Шевролеттің» жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, бағдаршамның тап алдындағы электр бағанасына соғылған. Қатты соққыдан түбі опырылып түскен бетон бағана «Шевролетпен» қоса, онымен иықтасып бара жатқан «Лексус» жеңіл көлігінің үстіне құлаған. Осының салдарынан көліктер қозғалысына біраз кедергі келтірілді. Айып тұрағына қойылған «Шевролеттің» иесі қос мәшинені жөндеудің қамында жүр. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz