11 Қаңтар, 2016

Әскери қызметшілер тұрғындарды қар күртігінен құтқаруда

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 11 қаңтар. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының тұрғындарына көмекке келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 27943 әскери бөлімінің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері 30 желтоқсанға қараған түні қатты қар көшкінінен сыртқы әлемнен жырақта қалған жергілікті халықты құтқаруға аттанды. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек әкелуге, ал қажет болған жағдайда адамдарды елді мекенге көшіру үшін елді мекенге арнайы техника, яғни, төрт жеңіл броньдалған көп мақсаттылы тартқыш және бір КаМАЗ Р-142 тартылды. ШҚО Жарма ауданына халыққа көмек көрсету, жолды тазалау және қар күртігінен автомобильді техниканы алып шығу үшін 54770 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, сондай-ақ ауыр арнайы техника, яғни, жылдам жүретін артиллериялық тартқыш жіберілді. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында хабарлағандай, іс-шаралар табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарын жедел және ұйымдасқан түрде жою және Өскемен гарнизонының бастығы подполковник Ержан Ыбыраевтың жауапкершілігі аймағында зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында өткізілуде. Төтенше жағдай басылғанша дейін әскери қызметшілер елді мекендерде болады. Қажет болған жағдайда қолбасшылық көмекке жеке құрамның қосымша санын жіберуге әзір. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz ????????????????????????????????????