11 Қаңтар, 2016

Әскери ұшқыштар ел қауіпсіздігін күзетуде (фото, бейне)

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11.01.2016 AST-39 АСТАНА. 11 қаңтар. Жаңа жыл қарсаңында әрбір шаңырақта мерекелік дастархан жайылып жатса, Қазақстанның барлық казармаларымен қатар жаңа жылдық түнде жауынгерлік кезекшілікті атқаратындар да бар. Қазақстанның Қарулы Күштерінде нарядтар мен қарауылдар мереке күні де өткеріледі. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Отандастарымыз жаңа жылды алаңсыз мерекелеп, еліміз бен халқымыз сенімді күзет пен қорғауда болуы үшін әскери қызметшілер жерде және әуеде өздерінің қызметтерін жалғастыруда. Биылғы жылы алғаш рет Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ӘҚК Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары аспанда ұшу арқылы елді құттықтады. Дәстүр бойынша жыл сайын Жаңа жылда бөлімше командирлері әскери қызметшілерге тілек-лебіздерін білдіріп жататынын айта кеткен жөн.  Жаңа жылдық абыр-сабыр, күйбең тіршілікке қарамастан, қазақстандық армияның әскери бөлімдерінде үйдегідей жайлы болу үшін мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет, бейне: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.

 

11.01.2016 AST-42 11.01.2016 AST-40 11.01.2016 AST-41 11.01.2016 AST-43