11 Қаңтар, 2016

Елбасы Парламент Мәжілісінің төрағасын қабылдады

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-01-2016-Elbasy 01АСТАНА. 11 қаңтар. Елбасы Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Кездесу барысында Мәжіліс қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы Парламенттің Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету ісі жөнінде жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, бүгінде депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын, қазақстандықтардың әл-ауқаты соларды табысты жүзеге асыруға байланысты екенін айтты. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.