11 Қаңтар, 2016

Әскери-әуе күштер жаңа тікұшақтармен толықты

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11.01.2016 AST-36 АСТАНА. 11 қаңтар. Шымкент қаласының авиациялық базасында Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік тікұшақтарды қарсы алу салтанатты рәсімі өтті.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тікұшақтар «Ресей тікұшақтары» холдингіне кіретін қазақстандық тарап пен Ұлан-Удэ авиациялық зауыты арасында бұдан бұрын жасалған келісімшартқа сәйкес ұшып келді. Авиабазаның ұшу және инженерлік-техникалық құрамы өндіруші зауытта теориялық және ұшу дағдысынан өтті. Ми-171Ш тікұшағы Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың соңғы модификациясының бірі болып табылады. Жоғары ұшу-техникалық сипаттамалары, сенімділік, Цельсия бойынша -50-ден +50 градусқа дейінгі ауа райы жағдайы мен температураның кең диапазонында қолдану мүмкіндігі, көп функционалдылығы, пайдалану мен қызмет көрсетудегі қарапайымдылығы секілді бұл тікұшақтардың қасиеттері бүкіл әлемдегі операторлардың сенімінен шыға білді. Десанттық-көліктік тапсырмаларды орындаудан басқа, бұл тікұшақ құрлықтағы бөлімшелерді қолдау, қарсыластың жанды күшін, броньды техниканы, бекітілген оқ ату нүктелері мен өзге де қозғалмалы және қозғалмайтын нысаналарды жою, десантты атыспен қолдау, әскери лектерді алып жүру, патрульдеу, іздеу-құтқару және барлау операцияларын жүргізу үшін арналған. Авиациялық паркті жаңа тікұшақтармен толықтыру жалпы алғанда, Әскери-әуе күштері мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Салтанатты іс-шараға ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов пен Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, жергілікті билік органдарының, сондай-ақ өндіруші зауыттың өкілдері қатысты. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 11.01.2016 AST-37 11.01.2016 AST-38