11 Қаңтар, 2016

Теміртаудың тумасы Бундеслигада ойнайды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-01-2016-BundesligaҚАРАҒАНДЫ. 11 қаңтар. Теміртау қаласында туған Вилли Евсеев деген бозбала немістің 3-ші Бундеслигасындағы «Хольштайн» (Киль қаласы) деген футбол клубында өнер көрсететін болады. Бұл туралы sports.kz. сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Негізі, футболшы «Нюрнберг» командасының иелегінде. Тек маусымның бірінші жартысында жарақат алып қалған да, белгілі клубтың екінші командасында ойнауға мәжбүр болған. «Жастығына қарамастан, Вилли жеткілікті дәрежеде тәжірибелі, біз оның көмегіне сүйенеміз деген ойдамыз», – деп мәлімдеді «Хольштайн» командасының бас жаттықтырушысы Карстен Найтцель. Евсеев Киль қаласында жалға алынған ойыншы ретінде жазға дейін өнер көрсететін болады. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: egemen.kz.