11 Қаңтар, 2016

Алматылық компаниялар шетел нарығына шыға бастады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АЛМАТЫ. 11 қаңтар. Алматыдағы тұрмыстық химия өнімдерін шығаратын «Аврора» өндірістік кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ТМД елдеріне экспортқа шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Дезинфекциялық құралдарды экспорттау үдерісі Индустрияландыру Картасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл күнде «Аврора» косметикалық өнімдердің 45 түрін, тұрмыстық химияның 50 түрін шығарады. Тауар түрлерінің баға саясатындағы дәлізі отандық тұтынушылардың сұранысына орай есептелген. Аталған компанияның бас директоры Данияр Алшанбаевтың айтуынша, 640 миллион теңгені құрайтын жоба жылына 10 800 тонна өнім шығаратын өндірістік циклды толық қамтамасыз етеді. Жаңа өндірістік желі 0,27 гектарды алып жатыр және онда бастапқыда  0 жұмыс орны жасақталған. «Аврора» өндірістік кешені» серіктестігі 2010 жылы құрылған. Ал 2011 жылы фармацевтика саласының «Дезинфекциялайтын құралдар шығаратын ең үздік қазақстандық өндіруші» сыйлығын алған. Осы арада компанияның бүкіл жаңа өнімдері нидерландтық компаниямен бірге жасақталғанын айта кету қажет. Дәл қазіргі күндері компания штатындағы қызметкерлер саны 250 адамнан асты. Айнаш Есали. Дерек, сурет: egemen.kz.