11 Қаңтар, 2016

Атырауға «Мәскеу-Алматы» бағытына ұшқан ұшақ жедел қонды

769 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-01-2016-ushak 01АТЫРАУ. 11 қаңтар. Кеше Атырау халықаралық әуежайына «Мәскеу-Алматы» бағытына қатынайтын ұшақ жедел қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Эйр Астана» авиакомпаниясына тиесілі ұшақтың Атыраудағы халықаралық әуежайға шұғыл қонуына техникалық ақау себеп болған. Бұл Мәскеудің Шереметьево әуежайынан Алматыға қатынау үшін әуеге көтерілген. Алайда, шамамен бір сағаттан соң техникалық ақау бары анықталған. Кей деректерге қарағанда, борт ішінде түтін байқалған. Осыған орай шұғыл қону датчигінен дабыл іске қосылған. Авиакомпания алғашында ақаулы ұшақтың жолаушыларын Алматыға екі рейспен жеткізуге шешім қабылдаған. Алайда, Алматыдан жеткен ұшақпен барлық жолаушы діттеген жерлеріне жеткізілді. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: newskaz.ru.