11 Қаңтар, 2016

Фельдъегерлік қызмет арқылы күніне 1 000-ға жуық хат жіберіледі (фото)

577 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 11 қаңтар. 1991 жылғы желтоқсанның соңында Қазақстан Республикасы Министрлері Кабинетінің қаулысымен жоғары мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару органдарын, үкіметтік мекемелер мен жоғары әскери қолбасшылықты фельдъегерлік байланыспен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сол уақыттан бастап Қазақстандағы әскери фельдъегерлік қызмет күн сайын басты міндетті орындауда. Яғни, Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабының басшылық құрамын баспасөзбен, газеттер және журналдармен қамтамасыз етеді. Ұлы Отан соғысы кезінде поштаны оқ-дәрілерге теңестірген. Жақындары мен туған-туысқандарынан орлар мен тасаларға жеткізілген хаттар жауынгерлерге күш бітірді, жаумен айқасуда төтеп беруге көмектесті, жеңіске деген үміт ұялатты. Заманауи фельдъегерлер олардың қызметі электрондық байланыс құралдарының дамуына қарамастан, әрқашан сұранысқа ие болатынын айтуда. Себебі, олар хаттарды мекенжайға дәл уақытында жеткізеді. Әр күн сайын таңсәріден бастап адресаттарға маңызды хат-хабарды, газеттер мен журналдардың жаңа басылымдарын жеткізуге тиіс Қорғаныс министрлігінің экспедиторлары жұмысқа шығады. Олар поштаны қабылдайды, өңдейді, сұрыптайды, жинақтап, әрі қарай жіберуге аттанады. Күніне қабылдау, өңдеу, жеткізу қажет 1000-ға жуық хат, 50-ге тарта газет пен журнал келіп түседі. Экспедиторлар мен сұрыптаушылардың біршамасы әйел әскери қызметшілер екендігі қызықты жәйт. Фельдъегерлерге анағұрлым күрделі жұмыс жүктеледі.  Ер әскери қызметшілер  ауа райына қарамастан, гарнизон бойынша қажетті хат-хабарды жеткізеді. Хаттар мен пошта салынған қапшықтар өте ауыр болып келеді. Оның салмағы 70-80 килодан асып жығылады. Фельдъегерлік қызметтің «жарағындағы» маңызды керек-жарақтың бірі – ол франкировальді машина. Ол пошта байланысы қызметтерінің төленуін растайтын жазбаша хат-хабарға пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін нақыштау, аталған хат-хабардың және өзге де ақпараттың қабылданған күнін белгілеу үшін арналған.  Күн сайын өлшенгеннен кейін ол арқылы барлық кіріс хат-хабар өтеді. «Қазіргі таңда әлемнің бұрыш-бұрышында телефондық, телеграфтық және радиобайланыстың, ғаламтордың қарыштаған кезінде фельдъегерлік қызмет мүлдем қажетсіз көрінуі мүмкін.  Бірақ, бұл жаңсақ пікір. Маңызды құжаттарды ғаламторға да телефонға да сеніп тапсыра алмайсың. Тек сенімді, тиянақты, кез келген жағдайда және дәл уақытында жүкті құпия түрде жеткізуге қабілетті адамдардың ғана қолынан келеді», деп фельдегерлік-пошта қызметінің әскери қызметшілері атап өтуде. Осылайша, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің фельдъегерлік қызметі күн сайын заманауи жүйелер мен уақыт талабымен тексерілген құралдарды қолдана отырып, сенімді және үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? 11.01.2016 AST-19