08 Қаңтар, 2016

Оңтүстікте спорт кешендері көбейіп келеді

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08.01.2016 OQO-2 ШЫМКЕНТ. 8 қаңтар. Оңтүстікте жыл сайын спорт нысандары көбейіп келеді. Былтыр 5178 спорт кешені тіркелсе, 2014 жылмен салыстырғанда 102-ге артық болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Жақында Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданында дене шынықтыру кешендерінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді», дейді облыстық спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев. Сонымен қатар облыстық бюджет есебінен Шымкенттегі «Бадам» су қоймасында ескек есу спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу базасы мен көркем гимнастика спорт кешені пайдалануға берілді. Спорт – денсаулық. Спорт – ел намысы. Бүгінде Оңтүстіктің оғландары Рио-де-Жанейро Олимпиадасының 12 жолдамасын жеңіп алып, республикада кеуде қатарда тұр. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz