08 Қаңтар, 2016

Сарыағаш курортына апаратын жаңа көпір салынды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08.01.2016 OQO-1 ШЫМКЕНТ. 8 қаңтар. Оңтүстік Қазақстан облысында Сарыағаш курортына апаратын жаңа көпір салынды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сарыағаш – курортты аймақ. Көктерек елді мекені мен шипажайлардың арасын Келес өзені бөліп жатыр. Алайда, тозығы жеткен ескі көпір апатты жағдай тудырғандықтан жаңа көпір салу күн тәртібіне қойылған. Республикалық маңызы бар көпір үш ай ішінде іске қосылды. Ұзындығы 48 метр, ені 12 метр болатын көпір жанынан жаяу жүргіншілер өтетін аяқ жол да бар. Мердігер «Шымкентдорстрой» республикадан осы мақсатқа бөлінген 160 млн. теңгенің жұмысы толық игерген. Мемлекеттік комиссия қабылдаудан өткізген. Енді жұрт алаңдамайтын болды. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz