08 Қаңтар, 2016

Шымкентте винчестер асынған жастар ұсталды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08.01.2016 OQO ШЫМКЕНТ. 8 қаңтар. Шымкент қаласында жол-патрульдік полиция қызметкерлері үлкен бір қылмыстың алдын алды десе де болады. Олар тоқтатқан көліктен қару табылған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. ВАЗ-21014 авто-машинасын мінген екі жас жігіт полицейлердің тоқтатқанына қарамай қашып құтылмақшы болған. Алайда, полицейлер оларды еркінсітпеді. Күдіктілерді тексеру барысында машина салонынан заңды тіркелмеген 12 калибрлі «Виттер» винчестері табылған. Ұсталғандар бұл суық қаруды не мақсатпен алып жүргендерін айта алмады. Оқтаулы мылтық бір атылары хақ. Бұған дейін жасөспірімдердің арасында бір-бірін ату оқиғалары болған. Қазір күдіктілер үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz