08 Қаңтар, 2016

Ақмола облысында жергілікті полиция бастығы тағайындалды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08.01.2016 Aqm КӨКШЕТАУ. 8 қаңтар. Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс 44-ші сессиясында жергілікті полиция қызметінің бастығын тағайындау туралы мәселе қаралды.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сессия жұмысына облыс әкімі Сергей Кулагин мен оның орынбасарлары, барлық құқық қорғау органдарының басшылары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, 31 депутат қатысты. Облыстық мәслихат хатшысы Дулат Нұрмолдин кіріспе сөзінде Қазақстан республикасының заңдық актілеріне жергілікті полиция қызметіне қатысты жекелеген өзгерістер енгізілгенін атап көрсетті. Сессияда баяндама жасаған Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлы 2015 жылы жергілікті атқарушы органдармен біргелікте, құқықтық талаптардың тиісті деңгейде қамтамасыз етілгеніне назар аударды. Жыл қорытындысы бойынша қоғамдық орындар мен көшелерде тәртіп бұзушылық, сәйкесінше 22 және 16 пайызға азайған. Облыс ауыр және өте ауыр қылмыстардың ашылуы бойынша республика бойынша төртінші орынға көтерілді. Қылмыстың алдын алу, оның кез-келген көрінісіне «нөлдік төзбеушілік» жүйесі қалыптасқан. Мәслихат хатшысы жергілікті полиция басшысы қызметіне үміткер Жанбай Жұмажанұлы Омаровты таныстырып, ол бір ауыздан аталған лауазым жетекшілігіне сайланды. Облыс әкімі Сергей Кулагин тиісті жарлыққа қол қойып, жаңа құрылымның басшысына табыс тіледі. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz