08 Қаңтар, 2016

Қарағандыда «Шахтердің» бас жаттықтырушысы белгілі болды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08-01-2016-FutboolҚАРАҒАНДЫ. 8 қаңтар. «Шахтер» футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметіне словак маманы Йозеф Вукушич тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жаңа жаттықтырушы 51 жаста. Он жылдан астам уақыттан бері Словакия премьер-лигасы деңгейінде футболмен айналысып келеді. Төрт жылдай Словакия жастар құрамасында жаттықтырушы, одан кейінгі алты жыл ішінде бас жаттықтырушы қызметтерін атқарған. Отбасылы, жеті жастағы қыз баласы бар. Футболшы кезінде өзінің туған қаласы Кошиценің клубтарында өнер көрсеткен. Ал бапкер ретінде немістің «Райнбах», словакиялық «Личартовце», «Ружомберок», «Спартак» (Трнава), «Нитра», оңтүстікафрикалық «Кейптаун», ливиялық «Әл-Ахли» клубтарында жұмыс істеді. Соңғы кездері ол «Кошице» футбол клубының бас жаттықтырушысы болған. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: egemen.kz.