08 Қаңтар, 2016

Атырау автобустарында жолақы қымбаттады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08-01-2016-AvtobusАТЫРАУ. 8 қаңтар. Жаңа жылдан бастап Атыраудың жолаушы тасымалдайтын автобустарындағы жолақы құны көтеріліп, енді қалаішілік бағыттарда жолаушылар 80 теңгеден, ал облыс орталығына іргелес орналасқан елді мекендерге қатынаушылар 90 теңгеден төлейтін болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұған дейін Атырау қаласындағы автобустарда жолаушылар 50 теңгеден жолақы төлеуші еді. Ал қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын бағыттарда жолаушылар 70 теңгесін жолақы үшін беріп келді. Енді Атырау қаласы әкімінің бірінші орынбасары Әділбек Зайдуллиннің мәлім еткеніндей, жолаушы тасымалымен айналысатын автобустардағы жолақы құны көтерілді. Осылайша, жаңа жылдан бері Атырау қаласындағы бағыттарда әр жолаушы үшін жолақы құны 30 теңгеге қымбаттап, 80 теңгені құрап отыр. Ал қала маңындағы елді мекендерге бару үшін енді жолаушылар 90 теңгеден төлейтін болды. Яғни, облыс орталығына таяу орналасқан елді мекендерге автобустармен жету құны 90 теңгеден белгіленді. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.