08 Қаңтар, 2016

Еліміздің кейбір аймақтарында республикалық жолдар жабылды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08-01-2016-JoldarАСТАНА. 8 қаңтар. Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі кейбір республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. Республикалық маңыздылыққа ие Балқаш қаласынан – Сарышаған ауданы шекарасына дейінгі («Алматы-Екатеринбург» 502-637км) автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ, Астана-Павлодар, Астана-Қарағанды тас жолдарынан басқа, барлық бағытқа қоғамдық және дизельді автокөліктерге жолдар жабық. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.