07 Қаңтар, 2016

Италияның әйгілі киножұлдызы қайтыс болды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-01-2016-PantaniaАСТАНА. 7 желтоқсан. Италияның әйгілі киножұлдызы Сильвана Пампанини 90 жасынан ашқан шағында «Джемелли» ауруханасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. 1950 жылдары «Италия сұлулығының символы» атанған Пампанини 1925 жылы 25 қыркүйек күні дүниеге келген. «Санта-Чечилия» консерваториясында вокал мен фортепиано бөлімін бітірген.1946 жылы «Италия аруы» сайысында бас жүлдеге ие болды. Эстрада саласында әншілікті де қатар алып жүрді. Кино саласында алғаш рет L'apocalisse («Апокалипсис» 1947) фильміне түскен. O.K. Nerone («О'кей, Нерон», 1952), La presidentessa («Әйел президент», 1952) және La bella di Roma («Рим сұлуы», 1955) съемкаларына түскеннен соң, беделі арта түсті. Ол сондай-ақ, Processo alla citt («Қала үстіндегі процесс», 1952) және Un marito per Anna Zaccheo («Анна Дзакеоға күйеу табыңдаршы», 1953) фильмдерінде басты рольдерді сомдаған. Ол 1960 жылдардың ортасына таман актерлік мансабын аяқтап, телевидение бағытында өзін шыңдады. Қарт кісілерге махаббатын бөліп, өмірлерінің соңына дейін бірге болды. Айта кетейік, актрисаның жерлеу рәсімі 8 қаңтар күні болады. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: ex.ua.