07 Қаңтар, 2016

Президент православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-01-2016-PrezidentАСТАНА. 7 қаңтар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рождество мерекесімен православие христиандарын құттықтады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады .

Қымбатты отандастар!

Еліміздің православие христиандарын және барша қазақстандықтарды Рождество мейрамымен құттықтаймын! Бұл мереке адамдардың бойына сенімнің, үміттің және сүйіспеншіліктің сәулесін дарытып, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтардың айналасына біріктіруде. Рождество діндарлардың жүректерін ерекше қуанышқа, бақытқа және таза пейілге кенелтеді. Бұл өзара түсіністік пен мейірімділіктің, жақын жандарға қамқорлықтың және көмекке зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің уақыты. Барлық конфессиялар өкілдерімен бірге православие христиандары қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосуда. Жарқын Рождество мерекесінде шын жүрегімнен баршаңызға зор денсаулық, бақыт, молшылық және игілік тілеймін! Талғат Райымбек. Дерек, сурет: akorda.kz.