05 Қаңтар, 2016

Еліміздің үш облысында жолдар жабылды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-01-2016-Jol jabykАСТАНА. 5 қаңтар. Ауа райының қолайсыздығына орай еліміздің үш аймағындағы үлкен жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі таңда Қазақстанның үш облысында ауа райы қолайсыз болып тұр. Осыған орай күре жолдардағы көлік қозғалысы тоқтатылды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолы (92-257 шақырым), Қарағанды өңіріндегі «Қызылорда-Павлодар» тасжолында (216-424 шақырым) және Қызылордадағы «Қызылорда-Павлодар» тасжолында (12-216 шақырым) көлік қозғалысы жабылды. Талғат Райымбек. Дерек: «ҚазАвтоЖолАҚ баспасөз қызметі. Сурет: 24.kz.