05 Қаңтар, 2016

Бірқатар елдер Иранмен елшілік қатынасты үзді

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-01-16-bahrein-1АСТАНА. 5 қаңтар. Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Иранмен дипломатиялық қатынастың үзілгені туралы мәлімдеме жасағаннан кейін оның соңынан бірнеше ел сондай қадамға барды. Бұл туралы ras.kz хабарлады. Эр-Рияд пен Тегеран арасындағы жанжал 2 қаңтар күні Сауд Арабиясында терроризмге қатысы бар деген айыппен 47 адамның өлім жазасына кесілгенінен кейін туды. Жазаға тартылғандар арасында белгілі шиит уағызшысы Нимр ан-Нимр де болды. Осының артынша ресми Тегеран өкілдері тарапынан Саудия билігінің әрекетін айыптаған өте қатқыл мәлімдемелер жасалды. Қаңтардың 3-інде күні бойы Иран астанасында шерулер өтіп, жергілікті шииттер Саудия билігінің әрекетіне қарсылық білдірді. Соның ішінде 400-ге жуық адам Сауд Арабиясы елшілігі ғимараты алдына жиналып: «Әл-Саудқа (Салман ибн Абдул-Азиз әл-Сауд – Сауд Арабиясының королі – ред. ескертпесі) өлім келсін!» деп айқайлап тұрып алды. Сол күні кешке Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Әдил әл-Джубейр «корольдіктің ішкі істеріне ашықтан-ашық араласқаны, аймақта дұшпандық іс-әрекеттер жасағаны және корольдіктің Тегерандағы елшілігі мен Мешхед қаласындағы консулдігіне шабуыл жасалғаны үшін» Иранмен дипломатиялық қатынастың үзілетіні туралы мәлімдеме жасады. Эр-Риядқа ынтымақтастық ретінде 4 қаңтар күні Бахрейн де Иранмен елшіліктің тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұдан басқа, Африкадағы Судан мемлекеті де парсы мемлекетімен байланысты үзетінін жеткізді. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: ras.kz.