05 Қаңтар, 2016

Зидан «Реал Мадридтің» бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-01-2016-zidane 01АСТАНА. 5 қаңтар. Испанияның әйгілі «Реал Мадрид» командасы бас жаттықтырушылықтан Рафаэль Бенитесті босатып, орнына Зинедин Зиданды тағайындады. Бұл туралы bbc.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Команданың бұрынғы жаттықтырушысы Рафаэль Бенитес дүйсенбі күні директорлар кеңесімен кездесу өткізген соң, өз орнынан кетті. Арнайы ұйымдастырылған баспасөз конференциясында клуб басшылығы испан маманының маусым басында қойылған міндетті толық орындай алмағаны үшін осындай қадамға барғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін атқарған еңбегіне алғыс айтып, алдағы уақытта тек сәттіліктер тіледі. Айта кетейік, Зинедин Зидан «Реал Мадрид» командасында 2001-2006 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Ал Франция құрамасымен ол 1998 жылы әлем чемпионы атанды. Футболшылық мансабын аяқтаған соң, мадридтік ұжымда 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді. Аталған жылы команда президенті Флорентино Перестің көмекшісі болса, келесі жылы кеңесшісі атанды. 2011 жылы бірінші команданың директоры міндетін атқарды. Осыдан соң, жаттықтырушылықты қолға алған Франция елінің тумасы 2012 жылы корольдік клубтың жастар командасын жаттықтырды. Келер жылы бірінші командада Карло Анчелоттидің көмекшісі болды. Италия маманымен бір жыл қызметтес болған соң, 2014 жылдан бүгінге дейін «Реал Мадрид Кастильяның» бас жаттықтырушысы болып қызмет атқарды. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: bbc.com.