04 Қаңтар, 2016

Оралда ақша айырбастау пункті өртенді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-01-2016-obmennik-8АСТАНА. 4 қаңтар. Орал орталығындағы аялдамалардың бірінде ақша айырбастау пункті мен автосақтандыру компаниясының кеңсесі орналасқан павильон өртеніп кетті. Бұл туралы mgorod.kz хабарлады. Өрт сөндірушілер хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына бірнеше минутта жеткен. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері: «Жайық жарығы» мекемесінің қызметкерлері кешігіп жетті, сол себепті ақша айырбастау орнын электр желісінен өзіміз ажыратуымызға тура келді. Сейф, жиһаз және басқа да құнды заттарды иелерімен бірге шығарып үлгердік. Екінші сейф жанып кетті, бірақ оның ішінде ақша болмады, тек қағаздар ғана болған», – деді. Айта кетейік, төтенше оқиғаға 5 арнайы техника мен бірнеше өрт сөндірушілер жұмылдырылған. Отқа оранған нысанның жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: mgorod.kz.