04 Қаңтар, 2016

Ауғанстандағы Үндістан елшілігіне шабуыл жасалды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-01-2016-AvganistanАСТАНА. 4 қаңтар. Үндістанның Ауғанстандағы Мазари-Шариф қаласында орналасқан консулдығына белгісіз біреулер шабуыл жасады. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Белгілі болғандай Мазари-Шариф қаласында 2 жарылыс болып, соңы жарты сағаттық атысқа ұласқан. Сондай-ақ, содырлар дипломатиялық өкілдік аумағына өтпек болған. Алайда, жергілікті полицейлер олардың ойын іске асырмай, тойтарыс беріп үлгерген. Атыс кезінде 2 экстремист оққа ұшып, қаза тапты. Жергілікті биліктің мәліметінше, қақтығыс салдарынан 1 бейбіт тұрғын жарақат алған. Ал аталған елшілік қызметкерлерінен ешкім зардап шекпеген. Айта кетейік, шабуыл жасағандардың нақты саны белгісіз. Лаңкестік әрекетті әзірге ешбір радикалдық ұйым өз мойнына алмай отыр. Жалпы, Мазари-Шариф – Ауғанстандағы төртінші ірі қала. Сондықтан Үндістан алдағы 2 айдың ішінде мұндағы тәліптерге қарсы күресу үшін 4 әскери тікұшақ жібермек. Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтарда содырлар Үндістанның Пәкстанмен шекарасындағы әскери-әуе базаға шабуыл жасап, 7 сарбазды атып тастаған болатын. Тағы 20-сы жараланған. Атыс кезінде үнді жауынгерлерінің киімін киіп алған 4 лаңкестің көзі жойылған-ды. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.