03 Қаңтар, 2016

Бразилияда жол апатынан 7 адам қаза тапты

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-01-2016-AvariaАСТАНА. 3 қаңтар. Бразилияның солтүстік-шығысында орналасқан Сеара штатында ірі жол апаты болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сенбі күні болған апат салдарынан 7 адам оқиға орнында қаза тауып, 11 жолаушы түрлі жарақат алды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасында басты кінә – жеңіл автомобильдің жүргізушісінің жол ережесін сақтамауынан болған. Ол белгіленбеген жерден қарсы бетке шығып, алдындағы көліктерді басып озбақ кезінде жолдың келесі бетіндегі микроавтобустардың біріне келіп соқтығысқан. Жеңіл машина ішіндегі бес адамның бәрі оқиға орнында көз жұмды. Ал микроавтобустың ішінде жүргізушінің қызы мен анасы қаза тапты. Айта кетейік, нәресте қыз ауруханаға жеткізілгеннен кейін бірден көз жұмған. Қазіргі сәтте жарақат алған 11 жолаушының төртеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: ren.tv.