03 Қаңтар, 2016

Францияның әйгілі әншісі қайтыс болды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-01-2016-Mishel 2АСТАНА. 3 қаңтар. Францияның әйгілі әншісі Мишель Дельпеш ұзақ уақыт бойы ісік ауруымен ауырған соң қайтыс болды. Бұл туралы AFP ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Мишель 2 қаңтар күні, жергілікті уақыт бойынша, сағат 21:30-да қайтыс болды. Өмірінің соңғы үш жылында ісік ауруымен ауырып келді», – дейді әншінің жары. Қатерлі ауруына байланысты 2013 жылы барлық ән кештерін тоқтатуына тура келген. Көпшілік алдында 1960 жылдардың соңына таман Il y a des jours o on ferait mieux de rester au lit әні хит болғаннан бастап танымал бола бастаған. Осы әні арқылы ол «Дискілі Гран-при» жүлдесін иеленді. Wight is Wight атты пластинкасы бірнеше мың тиражбен тыңдармандар арасында сатылып, «алтын» деген статусқа ие болған. Аян Әбдуәли.          Дерек: ТАСС. Сурет: clafete66.skyrock.com.