02 Қаңтар, 2016

Үндістанда саяхатшылар автобусы аударылып, 12 адам қаза тапты

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-02-2016-china 01АСТАНА. 2 қаңтар. Үндістанның солтүстігінде орналасқан Уттар-Прадеш штатында саяхатшылар автобусы жол талғамайтын көлікпен соқтығысып, салдарынан 12 адам қаза тапты. Бұл туралы ИАНС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жол апатынан көлік жүргізушісімен қоса бірнеше жолаушы көз жұмды. Автобус ішінде 20-дан астам қытайлық туристер болған. Қаза тапқандардан бөлек, біреше адам түрлі жарақат алды. Апаттың негізгі себебі әзірге белгісіз. Тәртіп сақшылары оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізуді бастады. Үндістанның солтүстік бөлігі қыс мезгілінде түнде және таңертең тұманды болып тұрады. Апатты жағдайдың да негізгі себебі осыда болуы мүмкін деген болжам бар. Айта кетейік, Үндістан әлем бойынша жол-көлік оқиғалары жиі болатын елдердің арасында бірінші орында тұр. Жыл сайын бұл елде 150 мыңға жуық адам көлік апатынан қаза табады. Аян Әбдуәли. Дерек: ИАНС. Сурет: hotaccident.net.