02 Қаңтар, 2016

Павлодарлық студенттер халықаралық жарыста топ жарды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-01-2015-ShempionПАВЛОДАР. 2 қаңтар. Павлодардағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің студенттері Ташкентте өткен классикалық пауэрлифтинг және зілтемірді көтеруден жарыста чемпион атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды. Бұл сайыста Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Сингапур, Қырығзстан, Индонезия, Араб әмірлігі, Түрікменстан, Ауғанстан сынды Азия құрлығы мемлекеттерінен 500 спортшы баптары мен бақтарын сынады. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университеттің металлургия, машина жасау және көлік факультетінің студенті, пауэрлифтинг бойынша спорт шебері Ернұр Хайлямов 59 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде 497,5 келіні көтеріп, бірінші орынды еншіледі. Сонымен қатар, ол халықаралық деңгейдегі спорт шебері атағын алды. Ал химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің бірінші курс студенті Әлия Төлегенова зілтемірді көтеруден еліміз құрамасының қоржынын күміс медальмен толықтырды. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz.