01 Қаңтар, 2016

Павлодарда әлеуметтік нысандардың шатырлары ұшып кетті

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01-01-2016-Krisha 1ПАВЛОДАР. 1 қаңтар. Павлодар облысында қатты соққан желдің салдарынан бірнеше әлеуметтік нысандардың шатырлары ұшып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады Желтоқсанның соңғы күндері соққан қатты желден Баянауылдың Ұзынбұлақ ауылында мектептің, Ақсудың Ақжол ауылындағы орта мектептің, Екібастұздағы №7 орта мектептің,«Айгөлек» балабақшасының, «Нарық» базарының, Май ауданы Саты ауылындағы мәдениет үйінің бірнеше мың шаршы метрді құрайтын шатырлары ұшып кеткен. Қазіргі күндер оқиға орындарында келтірілген зардапты анықтау бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Жапа шеккендер мен адам шығыны орын алған жоқ. Дерек көздерге сүйенсек, қайта жөндеуден өткен шатырлар желге төтеп бере алмаған. Айта кетейік, өткен жылы сәуірдің соңында соққан дауылдан облыстағы 8 мектеп, Ертіс ауданында колледж жатақханасы, мәдениет үйінің төбесі, Қашыр ауданында мәдениет үйінің төбесі, Ақтоғай ауылындағы аудандық агротехникалық колледж ғимаратының шатырлары ұшып кеткен-ді. Ал мамыр айында Екібастұз, Ақсу қалалары, Лебяжі, Май аудандарында жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді алатын 20 ғимараттың шатырлары қатты желдің салдарынан опырылып түскен болатын. Фарида Бықай. Дерек, сурет: Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 01-01-2016-Krisha 2