01 Қаңтар, 2016

Жаңа жыл алдында Дубайда көк тіреген зәулім ғимарат өртенді (фото, видео)

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01-01-2015-dubai 01АСТАНА. 1 қаңтар. Жаңа жылға бірнеше сағат қалғанда Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласындағы Address Downtown атты көк тіреген зәулім ғимаратта өрт шықты. Нысанда қаладағы белгілі қонақ үйлердің бірі The Adress Hotel орналасқан. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Төтенше жағдай ғимараттың 20-қабатында болған. Аз уақыттың ішінде қызыл жалын айтарлықтай аумақты қамтып үлгерді. Абырой болғанда, дер кезінде жеткен арнайы мамандар өрт шалған аумақтың 90 пайызын зарарсыздандырды. Дубай қаласы билігінің мәлімдеуінше адам шығыны жоқ. Тек тілсіз жау салдарынан 14 адам жеңіл жарақат алған. Сондай-ақ, шаһар басшылығы осы жағдайға байланысты дайындалған қаладағы мерекелік бағдарламалардың өзгермейтінін айтты. Айта кетейік, Address Downtown ғимараты әлемдегі ең биік нысан – Burj Khalifa кешеніне жақын орналасқан. Өрт кезінде ғимараттағылардың басым көпшілігі шетелдік туристер болғанын да ерекше атап өткен жөн. Қазіргі таңда апаттың шығу себептері анықталуда. Еламан Қоңыр. Дерек: РИА «Новости». Сурет: 1news.az. 01-01-2015-dubai 03 01-01-2015-dubai 02