01 Қаңтар, 2016

Ұлыбританияда ең ескі атом реакторы жұмысын тоқтатты

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01-01-2015-atom 01АСТАНА. 1 қаңтар. Ұлыбританияның Англси аралында орналасқан Wylfa атом реакторы өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. 45 жыл жұмыс істеген өндіріс орнының жабылғаны туралы алғаш рет кешеннің операторы болған Magnox компаниясы мәлімдеді. «Уилфа» атом электр стансасы жабылды. Бұл дегеніміз Magnox корпарациясының тарихы осымен аяқталды дегенді білдіреді», – деді мекеме өкілі. Қуаттылығы 490 МВт болатын Wylfa 1 реакторы 1971 жылдан бері Wylfa 2-мен бірге қызмет етті. Алайда, екінші нөмірлі кешен 2012 жылы жабылған болатын. Wylfa 1 АЭС-і өткен жылдың қыркүйек айында қызметін тоқтатады деген шешім қабылданғанымен, электр қуатының өндірісі үшін осы жылдың соңына дейін ұзартылды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: atomenergiainfo.hu.