01 Қаңтар, 2016

Айналайын, аппақ әлем

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
новый2Төрім саған төредей Жаңа жылым, Бұйымтайды ең қымбат қала бүгін. Айдың нұрын айшықтар, жердің жүзін, Еселенсін, Алашым, даралығың. Жылым Жаңа! Жаңғырған елім дана, Жетелейтін Ақ желкен – сенім ғана. Аманаттап, арды ойлап, алға бастап, Ақтаңгерін оздырды бегім дара. Ескі жылға тағармын несіне мін, Есем кетсе, оны да кешірермін! Тек аман-сау болсыншы халқым менің, Еңсең түссе тау-тастай кетілемін. Құлдыраңдап құлын күн құрық жалға, Аламансыз хас тұлпар булығар ма?! Тәуелсіздік – тар жолды, тайғақ кешу, Тәуекелсіз тартысты ұл ұғар ма?! Жыл мүйісте тоғысқан жылғаларым, Күн жайнатып ақ мұздақ сырғаларын. Керуен көші бет алды ағыс өрлей, Тағат таппай тосармын бір хабарын! Жыл сөреде тойбастар бастаған ем, Жаңа жылым, бөлей гөр баққа кенен. Шарайнаңнан түсірме Қазақ елін, Айналайын, жүзіңнен, аппақ әлем! Әміре ӘРІН. Алматы облысы.