01 Қаңтар, 2016

Жаңа жылым

919 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кызыл-1Жаңа жылым, жаңа күнім, ардақты, Жаңа жылым, салиқалы, салмақты! Қазағымның айқара ашып есігін, Жақсылықпен жаңалығын жалғапты!   Жаңа жылым, жаңа айым, ақ берен, Жаңа жылым, келді бірге бақпенен! Төрт түлігім түгел болып жерімде, Арылмасын дастарқаннан ақ деген!   Жаңа жылым, жарқын жүзді жандарым, Жаңа жылым, әрбір атқан таңдарым! Үміт артқан болашаққа ақ жарқын, Сөнбесінші әр үйдегі шамдарың. Жаңа жылым, тіршілігім, тынысым, Жаңа жылым, күнделікті жұмысым! Бесігінде ұйықтап жатқан маужырап, Сәбиімнің бұза көрме тынышын!   Жаңа жылым, бейбіт күнім, жаратқан, Жаңа жылым, достық күнін таратқан! Елің үшін, жерің үшін кең-байтақ, Жаңа жылда, жаңа күнмен қанаттан!   Жаңа жылым, ырысы мол дана бір, Жаңа жылым, жазылмаған жаңа жыр! Өз еліме ала келсін қашанда, Жаңа жылым, жаңа бақыт, жаңа нұр! Сайлаубек ТОЙЛЫБАЕВ.