01 Қаңтар, 2016

Әр елдің әдеттері де әртүрлі

384 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
elshar25*Италияда Жаңа жыл 6 қаңтарда басталады. Бұл елде Жаңа жылды ескілердің бәрінен тазара отырып бастау керек деп есептейді. Сондықтан Жаңа жыл түнінде бүкіл ескі заттарды терезеден лақтыру дәстүрі қалыптасқан. Ырым бойынша, босаған орындарды міндетті түрде жаңа заттар иемденетін болады. *Құттықтау ашық хаттарымен алмасу дәстүрі ең алғаш Англияда пайда болған. Алғашқы жаңажылдық ашық хат Лондонда 1843 жылы басылып шыққан екен. Британ аралдарында «Жаңа жылды енгізу» салты кең тараған. Сол үшін мұнда сағат 12-ні соққанда Ескі жылды шығарып жіберу үшін артқы есікті ашады да, сағаттың соңғы соғуымен бірге алдыңғы есікті ашып ішке Жаңа жылды кіргізеді. *Вьетнамда Жаңа жыл ай күнтізбесі бойынша 21 қаңтар мен 19 ақпан аралығында аталып өтіледі. Мерекелік дастарқанға гүл шоқтары қойылады. Бұл түні барлық ұрыс-керістер ұмыт болып, өкпелеткендерге кешірім жасалады. *Непалда Жаңа жылды күн шыға қарсы алады. Түнде, ай толысқан кезде непалдықтар алау жағып, оған керек емес заттарын лақтырады. Келесі күні бояулар мерекесі басталады. Адамдар беттеріне, қолдарына, кеуделеріне түрлі бояулар жағып алады да, көшеге шығып ән айтып, би билейді. *Кубалықтар Жаңа жыл қарсаңында үйдегі бүкіл ыдыстарды суға толтырады да, түн ортасында оны терезеден сыртқа төгеді. Осылайша Бостандық аралының тұрғындары Жаңа жылға су сияқты жарқын да таза жол тілейді. *Бирмада Жаңа жыл сәуірдің 12-сі мен 17-сі аралығында басталады. Оның нақты басталар күнін Мәдениет министрлігі арнайы бұйрықпен хабарлайды, сөйтіп, мейрам үш күнге жалғасады. *Жапон балалары Жаңа жылды жаңа киім киіп қарсы алады. Ол Жаңа жылда денсаулық пен сәттілік әкеледі деп есептеледі. Қоңыраудың 108 соққысы Жапонияға Жаңа жылдың келгенін хабарлайды. Жаңа жыл келген күні таңертеңгілік жапондар күннің шыққанын қарсы алу үшін сыртқа шығады. Күннің алғашқы шапағымен олар бір-бірін құттықтап, сыйлықтар табыстайды. *Иранда Жаңа жылды 22 наурыздың түн жарымында қарсы алады.Бұл күні бүкіл мылтықтардан оқ атылады. Бұл елде Жаңа жылдың алғашқы күнінде үйдегі ескі қыш ыдысты сындырып, оны жаңамен алмастыру дәстүрі қалыптасқан. * Болгарияда қонақтар, туған-туыстар Жаңа жылда мерекелік дастарқанға жиналады және бүкіл үйлерде үш минутқа жарық өшіріледі. Меймандар қараңғыда қалатын сәт жаңажылдық сүйісу минуттары деп аталады, оның құпиясын қараңғылық қана біледі. *Грекияда қонақтар өздерімен бірге үлкен тас әкеліп, оны «Қожайынның байлығы осы тастай ауыр болсын» деген сөздермен табалдырыққа тастайды. Егер үлкен тас табылмай қалса, онда «Қожайынның көзіндегі теріскен осы тастай кішкентай болсын», дей отырып, табалдырыққа кішкентай тасты тастайды. «Егемен-ақпарат».