01 Қаңтар, 2016

Талдықорғанды түрлендірер театр

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
эскиз ТЭО Драмтеатр 10.11.15_Страница_02Жетісуда жарыса бой көтерген құрылыс нысандары мешін жылы да жалғасын табады. Соның бірегейі Талдықорғанда салынатын Алматы облыстық драма театры болып саналады. Құры­лыс нысанының жалпы аумағы 10513,40 шаршы метр болатын­дығы, онда 3 қабатты ғимарат бой көтеретіндігі жоспарланған. Көрген жанның көзін тойдыратын ғимараттың сырт келбеті әсемдігімен қала сәнін көркейте түссе, ішіне 510 адам сыйып нағыз өнер ордасына айналары хақ. Өңір басшысының бұл маңыз­ды мәселені алдын ала кеңі­нен ойлас­тырғандығы сол, бүгінде драма театрдың құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін экономикалық-техни­калық негіздегі кешенді сараптаманың қорытындысы да шықты. Жобаны талқылап, қарау үшін мемлекеттік сатып алу жүргізуге конкурстық құжат­тар дайындалуда. Бұл дегені­міз, белгіленген уақытта құры­лыс жұмысын жүргізетін құры­лыс компаниясын анықтап, заңна­ма шеңберінде драма театр құры­лысын ешқандай кедергісіз бастауға ашылған жол болып ­саналады. Сөйтіп, Талдықорған­ның батысында бой көтеретін ­драма ­театры жаңа шағын ауданда ­жарыса салынып, сап түзе­ген құры­лыс нысандарымен қанаттаса қаланы түрлендіре түсетініне кәміл сенім бар. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». ТАЛДЫҚОРҒАН.