01 Қаңтар, 2016

Демаламын десең дүкенге кел

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_3094-vtufТараз қаласындағы бұрынғы «Керуен сарай» базарының орнынан «Мега» орталығы бой көтеруде. Бұл еліміздегі ең ірі орталықтың бірі болмақ. Бес қабатты «Mега» сауда-ойын-сауық орталығы 2016 жылы пай­далануға беріледі. Қазір құры­лыс басында 60 жұмысшы өнімді ең­бек етіп жатыр. Орталық өз жұмы­сын бастаған кезде бұдан да көп жандарға дәл осы жерден жұмыс табылатыны анық. Сауда-ойын-сауық орталығының бірін­ші қабатында әдеттегідей керек-жарақтар сатылатын супермаркет болады деп жоспарлануда. Ал, екінші қабатта әртүрлі техникалық құрал-жабдықтар дүкендері орналасады. Сондай-ақ, үшінші-төртінші қабатта шетелден әкелінген брендтік киім-кешектер саудаланса, бесінші қабатта шағын үш кинотеатр, балалардың ойын алаңшалары және де шағын кафелер болады. Осындай ірі орталық құры­лы­сының қолға алынуы – бұл уақыт талабы деп айтуға болады. Бұл нысанның қасынан «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығы орын тепкен. Яғни, бұл аумақтағы археологиялық саябақ, ашық аспан астындағы мұражай, Шолу мұнарасы, Достық үйі, Мыңбұлақ құрылымдары өз алдына әдемі бір кешен болып, елдің нағыз демалыс аймағына айналары сөзсіз. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.