01 Қаңтар, 2016

Ешкі баққанның есебі түгел

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_9266 (2)Целиноград ауданындағы Қа­жымұқан ауылында ешкі өсіру фермасының құрылысы басталды. Республикамыздағы екінші жобаның құны 1,5 миллиард теңгені құрайды. Мұнда болашақта 5000 бас асыл тұқымды түлік өсірілмек. Ферманың өндірістік алаңы 10 гектарды құрайды. «Зеренді асыл тұқымды ша­руа­шылығы» аталатын ЖШС құрыл­тайшылары Хамит Фаезов пен Ермек Лұқпановтың айтуынша, фер­­ма алдағы көктемде жұмысын бас­­тайды. Құрылыс қарқынды жү­ріп жатыр. Бірінші кезекте Еуро­­падан алып келінетін асыл тұқымды мал жайғасатын қора мен сүт зауыты салынады. Жабдықтар келісімшарт бойынша Италиядан жеткізіледі. Сүт өндірудің толық циклін қамтитын жұмыс түгелдей автоматтандырылған. Мұнда 30-50 аралығында жұмыс орны құрылады. Олар италиялық мамандардан сабақ алады. Өңірде бұрын болмаған жоба авторлары орта есеппен әр тү­лік­тен 800-ден 1200 литрге дейін сүт алы­нады деп отыр. Тұтыну нары­­ғына ешкі сүті, айраны, майы, кіле­­гей мен ірімшігі шығарылмақ. Бұл өнім­­дер­ге Италия мен Қытай қы­зы­­­ғушы­­лық танытып отыр­ғанын білдік. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Целиноград ауданы.