01 Қаңтар, 2016

Мерейлі бол, мешін жылы

344 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың  жаңа 2016 жылмен құттықтауы

31-12-01Құрметті отандастар! Санаулы сәттерден соң біз жаңа – 2016 жылға қадам басамыз! Жаңа жыл – бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін айрықша мереке. «Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» дейді халқымыз. Тарих қойнауына аттанғалы тұрған жыл еліміз үшін жемісті болды. Қазақстан дағдарысқа қарамастан, өзінің құтты қадамын жалғастырды. Биыл біз тарихы тереңде жатқан тамырлы халық екенімізді баршаға әйгіледік. Ұлы Далада ұлт атауымен мемлекет құрған бабалар рухына тағзым еттік. Жаңа Қа­зақстанның қалыптасуына негіз қалаған Ата Заңымызды ұлық­­тадық. Бақ-берекеміздің ұйыт­қысы – Қазақстан халқы Ассам­­блея­сының беделін биіктет­тік. Ардагерлерімізді ардақтап, Ұлы Жеңістің мән-маңызын ұр­пақ­тың санасына сіңірдік. Қазақ­тың үшінші ғарышкері көк жүзі­не самғап, мерейімізді өсірді. Сау­да­мыз сапалы, тауарымыз тартым­ды болуы үшін Дүниежүзілік Сау­да Ұйымына мүше болдық. Биыл­ғы Президент сайлауында бірлігі бар ел екенімізді тағы да дәлелдедік. Ардақты ағайын! Жаңа жыл баршамыз­ды қашанда жаңа жетістікке, жа­ңа биікке жетелейді. Елі­міз биылғы жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдық белесіне шығады. Ширек ғасырлық шежіреміз бізді мерейлі мемлекет ретін­де әлемге танытты. Бағы­ты­мызды белгілеген Ұлт жос­пары ұлағатты жолға бас­­тап келеді. Алдағы Ме­шін жылында да абыройымыз асқақ болады деп сене­мін! Дорогие казахстанцы! Мы встречаем наступающий год вместе – нашей большой, единой казахстанской семьей. 2015 год стал временем новых свершений для всех нас. Мы приступили к глубоким реформам государства и экономики. Новые законы, принятые согласно Плану Нации, обновили всю правовую базу Казахстана. В уходящем году мы достойно начали вторую пятилетку индустриализации и выполнение программы «Нұрлы Жол». За год во всех регио­нах построено 120 новых производств и объектов. Созданы тысячи рабочих мест. В этом году у нас в стране на свет появились почти 400 тысяч малышей. Я поз­дравляю все казахстанские семьи с рождением этого нового поколения Нации единого будущего! Для них и сотен тысяч подрастающих казахстанцев мы возвели новые школы и детские сады, дома и больницы, дороги и предприятия, стадионы и концертные залы. Ради счастья всех казахстанцев мы будем всегда хранить наше единство! Хочу поблагодарить всех вас за созидательный труд ради мира, согласия и процветания в нашей Родине! Дорогие друзья! Эстафету истории принимает 2016 год. Для нас – это год 25-летия Независимости Казахстана. У всех казахстанцев одна общая мечта – сделать нашу Родину од­ной из самых развитых стран мира. Для её воплощения у нас есть воз­можности и воля! Пусть наш Ка­зах­стан крепнет счастьем и достат­ком каждой семьи! Пусть сбудут­ся все наши желания и надежды! С Новым годом! Жаңа жыл әрбір шаңы­раққа бақыт, шаттық, табыс әкелсін! Еліміздің ырыс-несібесі молынан болып, татулығы арта берсін! Жаңа жыл құтты болсын!