31 Шілде, 2010

Дерек пен дәйек

442 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
149,5 млрд. теңге Жартыжылдықта өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен есептегенде осыншама болды Биылғы жылдың қаңтар-мау­сымында өңірдегі өнеркәсіп, кә­сіпорындар мен шағын және  қо­салқы өндіріс саласындағы жұ­мыстардың нәтижесі қоры­тын­дыланды. Өткен жылмен са­лыстырғанда, жұмыс ауқымы едәуір өскенін байқауға болады. Осылайша бөлшек тауар айна­лы­мының көлемі былтырғы жыл­дың сәйкес мерзімімен са­лыстырғанда 28,7 пайызды құ­рап, тұтынушы талабы мен тал­ға­мын зерттеуде оң өзгерістерге қол жеткізілген. Облыста биылғы 1 шілдеге 15958 шаруашылық субъектілері тір­келген. Орташа ақшалай табыс 58581 тең­гені құрады, Бұл әлеуметтік жағ­дай­дың уақыт өткен сайын жақсар­ға­нын білдіреді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқынымен өлше­не­тіні анық. Саладағы өндіріс көле­мін қолданыстағы бағамен есеп­тегенде 149,5 млрд. теңгені құрады. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.      11 000 370 000 Оңтүстікте жол-көлік инфрақұрылымын жақсартуға осынша қаржы жұмсалуда Оңтүстіктің жолдары ойдым-ойдым болып, көлік иелері ой­байға басып жататын уақыттары кейінге сырғып барады. Кәсіп­кер­лердің де қолы ұзарып қалды. Асфальтқа қажет керек-жа­рақтарды түгелдей өздері дайын­дайды. Облыстық іскерлер арасындағы нәзік жанды­лар­дан жалғыз өкіл – Рәшкүл Оспан­ә­лие­ва­ның екі асфальт зауыты Түркістан және Сарыағаш бағытын­дағы жолдарда от салған самаурын­дай түтіні будақтап жұмыс істеп тұр. Облыста жаңадан бес көпір пайда­лануға беріледі. Соның біре­гейі – Түркістан қаласы Бал­та­көл ауы­лын­дағы Сырдария үстінен кесіп өтетін көпір. Дарияның арғы бетіндегі ауыл үшін бұған дейін талай рет көпір салынған. Қалқыма көпірді көктемгі ырғын су жұлып кетті, катер сүйреген паромда адам шығыны да болып жататын. Енді жаңа көпірге облыстық бюд­жеттен 1 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр. Бақтияр ТАЙЖАН. ШЫМКЕНТ. 145 Орал өңірінде “Таза су” бағдарламасына сәйкес осыншама елді мекен ауыз сумен қамтылмақ Батыс Қазақстан облысында 2011-2015 жылдарға арналған атал­мыш бағдарламаның ауқы­мы кең. Өз атауынан көрініп тұрғанындай ол бірінші кезекте тұрғындарды ауыз сумен қамту мақсатын көздейді. Оған қажетті қаражат респуб­ли­калық және жер­гілікті бюджеттерден бөлінбек. Тақырыпта атап көрсетіл­ген­дей “Таза су” бағдарламасы 108 мың адам тұратын 145 елді ме­кен­ді ауыз сумен қамтуға алғы­шарт жасайды. Бұл облыс кө­ле­міндегі елді мекен тұрғындары­ның 30 пайызға жуығын құрай­ды. Мұның өзі осыншама адам орталықтандырылған ауыз суды тұтынуға мүмкіндік алады деген сөз. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы.