13 Наурыз, 2015

Атырау жастары «Нұр Отан» партиясының ұсынысын қолдады

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау жастарыАТЫРАУ. 12 наурыз. Атыраудағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері «Атырау – Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен флешмоб өткізді. Сол арқылы «Нұр Отан» партиясының Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын кезектен тыс президент сайлауына ұсынуына қолдау білдірді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Флешмобты өткізуге «Қазақстан–2050» жалпыұлттық қозғалысы, Атырау еріктілер корпусы мен «Жас Отан» жастар қанаты секілді қоғамдық ұйымдар қолдау білдірді. Қолдарына Елтаңба мен жалаушалар ұстаған жастар Әнұранды, «Елім менің», «Көк Тудың желбірегені» және «Атамекен» сынды патриоттық әндерді шырқады. «Бұл флешмобты өткізудегі басты мақсат – алғаш рет дауыс беретін замандастарымыздың сайлауға қатысу белсенділігін оятып, елдің келешекке сенімділігін нығайту. Өйткені, біздің Қазақстанымыз – өзіміздің әлеуетімізді көтеріп, жан-жақты дамуымызға ең қолайлы ел. Сол себептен, біз еліміздің келешектегі игілігі үшін өз таңдауымызды жасаймыз», – дейді «Атырау – Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Ғилажев. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.