13 Наурыз, 2015

Батыс Қазақстанда әкімге айыппұл салынды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
akimge aiyppulОРАЛ. 13 наурыз. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округінің әкімі Қуантай Рашқалиев мемлекеттік қызмет этикасына сәйкеспейтін теріс іс-әрекет көрсеткен. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әкім биылғы жылдың 5 ақпанында ауыл әкімдігі ғимаратында азаматша А.Биғалиеваны балағаттаған. Осыған байланысты ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің тиісті бабы мен тармағына сәйкес айыпты деп танылды. Соған сай оған он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұған қоса, Бөкей ордасы ауданы әкімі берген мінездемеде Қ.Рашқалиевтің еңбек тәртібін сақтай бермейтіні, жұмыс уақытында ішімдік ішетіні көрсетілген. Мұндай теріс қылықтары үшін аудан әкімінің өкімімен ол қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Осыны ескере келіп ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесі өз отырысында оны Ар-намыс кодексі талаптарына сәйкес қызметінен босату туралы ұсыныс жасады. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: maxpark.com.