13 Наурыз, 2015

Президенттіктен үміткер Бақтияр Естемесов емтиханнан өте алмады

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-03-15-umitkerАСТАНА. 13 наурыз. Орталық сайлау комиссиясы елордалық кәсіпкер Бақтияр Естемесовті президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартты. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады. «Бақтияр Өксікбайұлы Естемесов тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы. 1972  жылы туған. 12 наурыздағы ҚР Президенттігіне үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның 13-ші қорытындысының негізінде Бақтияр Өксікбайұлы Естемесов мемлекеттік тілді еркін меңгермеген. Осының негізінде Бақтияр Өксікбайұлы Естемесов ҚР Конституциясына және «Сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес емес деп белгіленсін. Бақтияр Өксікбайұлы Естемесовті ҚР Президенттігіне үміткер ретінде тіркеуден бас тартылсын деген ұсыныс енгіземін», – деді лингвистикалық комиссияның мүшесі Ләззат Сүлеймен. Айта кетейік, заң бойынша Қазақстанда туып-өсекен, жасы қырықтан асқан, мемлекеттік тілде жатық сөйлейтін және соңғы 15 жылда Қазақстанда тұратын азаматтар президент болып сайлана алады. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: gazeta.kz.