13 Наурыз, 2015

Қытайлықтар «Терминатордың» баламасын жасады (видео)

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-03-15-terminatorАСТАНА. 13 наурыз. Қытайлық ғалымдар тобы өздігінен қозғалатын сұйық матор жасап шығарды. Ол белгілі «Терминатор» фильміндегі көріністерді еске түсіреді. Бұл туралы mir24.tv хабарлады. Жұмсақ металды машина галли (сирек кездесетін ақ түсті металл) мен қалайыдан тұрады. Аталған элементтерді 20 градусқа қыздырса, ол сұйықтыққа айналып, өздігінен қозғалысқа түседі екен. Егер, оған тұз ерітіндісін, одан кейін алюминий жаңқаларын қосса, қызықты реакция пайда болады. Түзілген реакцияға қарап отырсақ, сұйық метал ыдыстың жиегімен қозғалып отырады әрі ол өз формасын өзгерте алады. Қытайлық ғалымдар бұл сұйық моторды медицинада қолдануға болатынын айтуда. Мәселен, ол арқылы қан тамырларына дәрі-дәрмек жеткізуге мүмкіндік бар көрінеді. Жолдыбай Базар. Дерек: mir24.tv. Сурет: nur.kz.