13 Наурыз, 2015

Жауынгерлік жараулар

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_9613Қазақстандағы жалғыз таулы-егерьлік ротада 50 ат бар 91678 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы таулы-егерь­лік ротасының әскери қыз­метшілеріне таулы жерлерде қызмет атқаруға, оқу-жаттығу тапсырмаларын орындауға аттар көмектеседі. Олар әс­кери техника өте алмайтын шатқалды таулы жерлерден жеке құрамды тасымалдайды. Таулы-егерьлік ротаның әр әскери қызметшісіне бір аттан бекітілген. Алғашында жануарлармен нұсқаушы жұмыс істейді, одан соң ат даярлығы бойынша жаттығуларға тартылады. Жақын арада осындай сабақ «Оңтүстік» өңірлік қол­­­басшылығының «Теріс-Ащыбұлақ» полигонында өт­кізілді. Бұл жерде әр жау­ы­н­­гер өз атымен жеке жә­не топ құрамында шартты қар­­сы­ластың шабуылына тойтарыс беру жөнінде маневр жасады. Арнайы мақсаттағы тау­лы-егерьлік рота 2000 жылы құрылған және бүгінгі күні Қазақстанның Қарулы Күш­терінде осы бағыттағы жалғыз рота болып табылады. Сонымен қатар, 91678 әскери бөлімде теңдеп арту-көліктік ротасы бар. Олар таулы-егерьлік ротаны қамтамасыз етумен, әскери жүктерді жеткізумен айналысады. «Егемен-ақпарат».